Әнші алғашқы күйеуімен жанжал көбейіп кеткенін қозғап өтті
Әнші Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында алғашқы некесінің сәтсіздігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші өз сөзінде алғашқы некедегі күйеуімен жанжал көбейіп кеткендіктен, ата-анасына барғанын қозғап өтті.
«Бірінші некемде сондай бір түсініспеушіліктер болып, жұмыс сапарыммен Алматыға келдім. Әке-шешем Алматыда тұрады, біз Астанада тұратынбыз. Сол уақыттары сондай бір жанжал болып кетті. Сол кезде әке-шешеме келгеннен кейін «мен кетемін, осы жерде қаламын» дедім. Сонда әкем, бұл жерде қалмайсың деп мені кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барғаннан кейін жағдай үдей түсті. Жағдай керісінше болды.
Әкемнің жасаған сондай бір даналығын ар жақ түсінгенде, бәлкім, бәрі жақсы болып кетер ме еді. Бірақ ол жақ түсінбеді. «Келді қайтып, жексұрын болып». Ол жақ түсінбеген, әркім өзінің сана сезімімен, ой түйінімен түсінеді. Ол жақ түсінбегеннен кейін жағдай одан бетер нашарлап, аяғы ажырасуға тірелді», - деді Мөлдір Әуелбекова.