Ауа райына байланысты Астана-Щучинск республикалық тасжолы жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік жүргізушілеріне бұл шектеуді ескеру ұсынылады

Фото: © istockphoto.com

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың қозғалысына шектеу енгізілмек. Бұл туралы халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарды басқарумен айналысатын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 9 қараша күні сағат 19:00-де Акмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Астана – Петропавл тасжолының 18-232 шақырымы (Астанадан Щучинскке дейін) аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізу жоспарланды», – делінген «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Көлік жүргізушілеріне бұл шектеуді ескеру және жолда сақтық шараларын ұстану ұсынылады.