Аурухананың бас дәрігері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласының прокуратурасы перзентханалардағы «ана мен бала» дәрі-дәрмек жинақтарымен қамтамасыз ету заңдылығының жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Талдау нәтижесінде, шамамен үш мың нәресте перзентханадан шыққан кезде тиесілі дәрі-дәрмек жинақтарын алмағаны анықталды.
«Қадағалау актісі бойынша 2763 жаңа туған нәрестенің аналарына тиісті жинақтар табысталды. №2 қалалық аурухананың бас дәрігері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет пен медициналық бұйымдар айналымы ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бес медициналық қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады прокуратура өкілдері.