Отандасымыз финалда моңғолиялық балуанмен жұдырықтасты
Қазақстандық спортшы Темірлан Көлбай самбодан Әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР самбо федерациясына сілтеме жасап.
Спорттық және жауынгерлік самбодан Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде Темірлан Көлбай (спорттық самбо) топ жарды.
+98 келіде сынға түскен жерлесіміз финалда Моңғолия өкілі Пуревдорж Дамдинсуренген басым түсті.