$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2020, 17:19
Жаңалықтар

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 адамға жетті

Кеше 5 науқас тіркелді 

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 206 адамға жетті

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 5 жағдайы тіркелді, атап айтқанда 3-еуі – Кеген, 2-еуі – Талғар аудандарынан, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, 1960, 1965, 1971, 1977, 2008 жылы туған 5 пациент те белсенді анықталған, оның 4-еуі бұрын ауырғандармен байланыста болған, 1-еуі профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды.

ПЦР-талдауы кезінде пациенттердің COVID-19 диагнозы расталды.  Науқастар сырқаттары расталғанға дейін оқшауландырылған болатын, қазіргі кезде Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды.

Олармен 4 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталып, КВИ-ге зертханалық тексеру үшін оқшауландырылды. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасады.  

 

Серіктес жаңалықтары