«О бастан үйретіп тастаймын»: Қайрат Нұртастың анасы келіндеріне қандай тәрбие беретінін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол сырттан тамақ ішсе де үйдің дәміне жетпейтінін айтты

Фото: instagram/gulziraaidarbekova

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келіндерін өз отбасына үйрету үшін қандай талаптар қоятынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасының Stories бөлімінде келіндерін қалай үйрететіні туралы тәжірибесімен бөлісті.

«Қанша жерден түрлі тағам жет жатсаң да, өз үйіңнің дәмі бөлек қой, аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?!

Қай жаққа кетсем де осы сәтті қатты күтемін. Отбасыммен ыстық ұямызда, жиналып қалған бар талқылауды ортаға салып ақылдасып...», – деп жазды продюсер.