Талдықорғанда коронавирус ошақтары карантинге алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада барлығы үш үй карантинге жабылды

Бүгін Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус анықталған үйлер карантинге алынды, деп хабарлайы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Індет ошағы ретінде Достық шағын ауданындағы 25-үй, Қабылиса жырау көшесі, 211 Е үйдің 4-ші подъезі және Сланов көшесі, 76-үйдің тізімі берілді.  Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады, олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавируспен ауырған 201 адам тіркелген, соның 7-еуі – Талдықорған қаласында анықталған.