17.05.2020, 12:48
Жаңалықтар
Талдықорғанда коронавирус ошақтары карантинге алынды
Қалада барлығы үш үй карантинге жабылды
Бүгін Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес коронавирус анықталған үйлер карантинге алынды, деп хабарлайы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Індет ошағы ретінде Достық шағын ауданындағы 25-үй, Қабылиса жырау көшесі, 211 Е үйдің 4-ші подъезі және Сланов көшесі, 76-үйдің тізімі берілді. Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады, олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысында коронавируспен ауырған 201 адам тіркелген, соның 7-еуі – Талдықорған қаласында анықталған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды