Теңге күн санап құлдырап барады
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 492,22 теңгені құрап, 0,02 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк мәліметінше, доллардың 7 қарашадағы ресми бағамы 492,14 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 492,02 теңгеге, сату – 493,77 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 490,01 теңгеден сатып алынады, 495 теңгеден сатылады.