Шымкентте бір тәулікте коронавирус жұқтырған 77 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

16.05.2020 жылғы мәлімет 

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы табылды: олардың 3-уі Атырау облысынан келген, 2-уі халықаралық жүк тасымалының көлік жүргізушісі, 4-еуі вирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болғандар ретінде бақылауға алынған, 68-і скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.