Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жойылды
Астана әкімдігі шайбалы хоккей командаларын дайындау үшін мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасын негізсіз асыра бағаланғанын анықтады.
«Жергілікті атқарушы орган 446 млн теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау және қатысу үшін сатып алуды жариялаған.
Конкурстық құжаттаманы зерделеу барысында 117 млн теңгеге асыра көрсетілгендігі анықталды.
Қадағалау актісі негізінде конкурстың күші жойылды, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді», - делінген хабарламада.