Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан азаматы қолға түсті

Фото: ҰҚК

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК осы жылдың қазанында прокуратура органдарының үйлестіруімен жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

«Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

5 кг-ға жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.