Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін лауазымынан босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Президент жарлығы жарияланды

Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін лауазымынан босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент жарлығымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.