Түркі мемлекеттерінің президенттері қандай құжаттарға қол қойғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
- «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;
- Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
- Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;
- Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
- «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.