Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.