Тоқаев Парижден кейін Бішкекке барды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент Қырғызстанда Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі мемлекеттік сапарынан кейін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін барды.

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.