Бүгін ауа райы қандай болады

Автор: Оршыбекова Асель

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: © istockphoto.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде: республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар жауып, күн суытады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн ашық әрі жылы болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 06 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 06 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с. Орал қ.: 06 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қ.: 06 қарашада түнде қатты қар күтіледі. Көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қ.: 06 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі

Қостанай облысы

Қостанай қ.: 06 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 06 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысы

06 қарашада күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Семей қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысы

Жезқазған қ.: 06 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с . Атырау қ: 06 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.: 06 қарашада күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Ақмола облысы

Көкшетау қ.: 06 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ.: 06 қарашада күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.