Өскеменде жүргізуші куәлігін алу үшін курсанттар емтихан тапсыра алмай жүр

Автор: Оршыбекова Асель

Мамандандырылған ХҚКО-да автодром жоқ

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қалада мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында практикалық емтиханға кезек көп, қараша айына жазылу мүмкін емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Автомектеп курсанттары теориялық емтиханды мамандандырылған ХҚКО-да қиындықсыз тапсыруға болатынын айтады. Алайда практикалық емтихан тапсыруда қиындықтар бар, кейбіреулер өз кезегін айлар бойы күтуде. 

«2 айдан бері күтіп жүрмін... Мен бір айдан бері емтиханға жазыла алмай жүрмін. Неге мұндай қиындық туындады? Уақыт өтіп жатыр, жаңа жылға дейін жазыла алмай қаламын ба деп алаңдаймын..», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кету керек, курсанттар теориялық және практикалық емтихандарды бір жерде – мамандандырылған ХҚКО-да тапсыруға тиіс. Алайда, қазіргі таңда Самар тасжолындағы ХҚКО-да автодром жоқ. Сондықтан, жүргізуден емтихан Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайында орналасқан оқу комбинатының аумағында қабылдануда. 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалының өкілдері Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО-да автодром жақын арада іске қосылатынын уәде етті. 

«Қазіргі уақытта Өскеменде қараша айына бөлінген барлық орындар толған. Жақын арада желтоқсан айына жазылу ашылады», - делінген «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалының жауабында.