Жалпы 131 мың өтінім келіп түскен
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банкорттыққа өтініш беретіндер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екі банкронттық рәсімі (соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы) бойынша 17 800 мыңнан адам банкрот деп танылды. Олардың жалпы қарызы – шамамен 54 млрд теңге банкрот деп танылғандардың қарызы мың теңгеден басталып, 2 млрд теңгеге дейін жетеді. Елімізде банкротыққа өтінімді көбінесе ер адам береді – 53%, әйелдер – 47%», - дейді Ахметов.
Оның айтуынша, бүгінге дейін жеке тұлғаны банкрот деп тану бойынша 131 мың өтініш қаралды.
Тізімнің көш басында оңтүстік өңірлер тұр: Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары. Мұнда халық тығыз қоныстанған», - деді ол.
Өтінім бергендердің орташа жасы – 40-42 жас.