$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында ауыр халде жатқан науқастарға жәрдемақылары берілмей келген

Облыста заңсыз әрекеттер белең алғаны анықталды

Маңғыстау облысында ауыр халде жатқан науқастарға жәрдемақылары берілмей келген
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысында онкологиялық дертпен ауырып жүрген науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмей келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыста онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу тәртібінің заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізілді. Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарына қарамастан, 3-4 топтағы онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын 661 адамның мүгедектікті ресімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақыны алу мүмкіндігінен айырылғаны анықталды.

«Осылайша, емдеуші дәрігерлер көрсетілген науқастарға қатысты, кейбіреулері бес жылдан астам «Д» есебінде тұрған, мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша жұмыстар атқарылмаған.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Бүгінгі күні заң бұзушылықтар жойылды, Денсаулық сақтау басқармасы аталған тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жіберу жұмыстарын жүргізуде», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары