Доллардың 4 қарашадағы ресми бағамы жарияланды
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,36 теңгені құрап, 1,09 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Ұлттық банкі доллардың 4 қарашадағы ресми бағамы 488,11 теңгені құрайтынын мәлімдеді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 488,83 теңге, сату 490,36 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 488,98 теңгеден сатып алынады, ал сату – 492,04 теңге.