Өскеменде 17 жастағы бойжеткен суицид жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзіне өзі қол жұмсар алдын жазба қалдырып кеткен

Фото: istockphoto.com

Өскеменде 17 жастағы студент суицид жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиғаны қалалық прокуратура да растады. Ведомствоның мәліметінше, 17 жастағы студент суицид жасар алдында жазба қалдырған.

Ол өзіне бөлінбеген махаббаттан осындай қадамға барғанын жазған.

Бойжеткен толық емес отбасынан шыққан.

«Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көбейіп кетті, 2024 жылы 22 жағдай тіркелді. Өткен жылы 7 жағдай болатын. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: туыстарымен реніштер, оқудағы қиындықтар, сол сияқты достарымен қарым-қатынастағы проблемалар да бар», - делінген ведомство хабарламасында.