Семейде пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың анасы есікті аша алмай қалған

Фото: © istockphoto.com

Семей қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары пәтерде қамалып қалған екі жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқару қызметіне баланың анасы қоңырау шалып, екі жасар ұлының пәтерде қалып қойғанын, ал өзі есікті аша алмай жатқанын хабарлаған.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдар арқылы пәтердің есік құлпын мұқият ашты. Біраз уақыттан соң баланың анасы өз ұлын құшақтап, құтқарушыларға алғыс білдірді», - делінген хабарламада.

Мамандар мұндай жағдайлар пәтерлерде қауіпсіздік шараларын сақтап, балаларының жалғыз қалмауын қадағалау маңызды екенін көрсететінін айтады.

Тегтер: