Оның үшеуі — бала
Ақтөбе облысында батпаққа батқан көліктен жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе облысының диспетчерінің пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұл азаматтар елді мекеннен 30 км қашықтықта батпақты жерде кептеліп қалғаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар тұтқыннан босатылып, үйлеріне аман-есен жеткізілді», — деп жазылған хабарламада.
Министрліктің хабарлауынша, олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.
«ТЖМ ауа-райының қолайсыздығында жолға шығу қауіпсіз емес екенін еске салады! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!», — дейді министрлік өкілдері.