Бірнеше құрылыс компаниясының лауазымды қылмыстық жауапқа тартылды
Атырау облысында жалған құжаттармен пәтер сатқан құрылыс компаниялары қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, «Andora Construction» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтер сатқан.
«23.10.2024 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, «Nazik Group» ЖШС-нің директоры мен «Atameken Тұрғын Үй», «Family Town» және «Baisanat Residence» тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы екі құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі», - делінген хабарламада.