Жамбыл облысында 12 жасар қызды 6 жыл бойы зорлап келген күдіктілердің бірі қамауға алынды
Екінші күдіктіге полиция іздеу жариялады

Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 37 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр. Ол өзінің жиенін зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды (жас балаға қатысты зорлау).
Қылмыс жасады деген екі күдікті анықталды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері бір күдіктіні ұстап, қамауға алды. Екінші күдікті іздестірілді, оны ұстау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Сондай – ақ мектеп қызметкерлеріне қатысты оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қылмыстық іс ПД басшылығының бақылауында. Бұған дейін Жамбыл облысында 12 жасар қызды алты жыл бойы туыс ағалары зорлағаны белгілі болған.