Талғардағы оқиға: Әділет министрлігі іс бойынша қандай сараптамалар тағайындалғанын айтты

Azattyq Rýhy

Талғарда 4 қазан күні 16 жастағы бозбала бір топ жігіттің қолынан қаза болды

Талғардағы оқиға: Әділет министрлігі іс бойынша қандай сараптамалар тағайындалғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли брифингте журналистерге Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қандай сараптамалар тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол тергеуге байланысты істің мәні туралы айта алмайтынын, өйткені бұл ІІМ өкілеттіктеріне қатысты екенін атап өтті.

«Сот-медициналық сараптамаларға келетін болсақ, олардың бесеуі тағайындалды: дене сараптамасы, өрттің пайда болу себептерін анықтауға арналған сараптама, фототехникалық сараптама, молекулалық-генетикалық сараптама және биологиялық сараптама», - деді ол.

Естеріңізге салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.