Қарқаралыдағы өртте қаза тапқан құтқаршы Хайрат Хали «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Автор: Аягөз Құрмаш

Марапатты облыс әкімі әкесіне табыстады

Фото: 112kz

Президент жарлығымен өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қарағанды облысы ТЖД №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайрат «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Мемлекеттік наградаға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.

ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың ұсынысы бойынша қайсарлығы, батырлығы және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталған Хали Қайраттың ерекше еңбегін атап өткен жөн.

«Президенттің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады», - деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Осыған дейін редакция марқұм Хайрат Халидің бауырларынан сұхбат алған еді.