Бакуде алаяқтық жасаған әзербайжандық Астанада қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Астана арқылы Душанбеге қашып кетпек болған

Фото: Polisia.kz

Астананың халықаралық әуежайында тәртіп сақшылары Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген.

Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.