Оқиға Алматы-Бішкек тасжолында болған
Алматы облысының Жамбыл ауданында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, Жамбыл ауданынан өтетін Алматы-Бішкек республикалық трассасының 115 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
«Toyota Previa жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Sinotruk HOWO жүк көлігімен соқтығысты.
Жол апатының салдарынан Toyota Previa жүргізушісі мен оның жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. ЖКО фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын, ҚР Жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.