Олар жоқ айыппұлдар төлеуді талап етеді
Интернет алаяқтар енді қылмыстарын «1414» нөмірімен де жасайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы уақытта алаяқтар мемлекеттік органдардың атынан әрекет етіп, азаматтарға «1414» нөмірінен хабарлама жіберетін болды. Олар жеке мәліметтер беруді, операцияларды растауды немесе жоқ айыппұлдар мен қызметтерді төлеуді талап етеді.
«Мемлекеттік органдар телефон қоңыраулары немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Егер күдікті хабарлама алсаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және мәліметтеріңізді хабарламаңыз», - делінген Абай облысының ПД хабарламасында.