Есінен танып қалған қыз балаға жылдам көмек көрсетілуі керек болатын
Шымкентте ер адам талмасы ұстап қалған қарындасына жылдам жәрдем көрсету үшін полицейлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, қала көшелерін патрульдеу кезінде Ержан Абуев пен Мұхамедали Сейтмұхтарға көлік жүргізушісі жүгінген. Ер адамның айтуынша, талмасы ұстай бастаған қарындасын мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізу керек болған.
Инспекторлар жедел әрекет етіп, көлікті сүйемелдеп жүру арқылы кептеліссіз медициналық мекемеге жеткізді. Осылайша, бірнеше минут ішінде қыз дәрігерлерге тапсырылды.
«Полиция қызметкерлерінің арқасында қазір қарындасымның жағдайы қалыпты. Көп-көп рақмет!» – деп алғысын білдірді азамат.