Әншінің бұрынғы жұбайына іздеу жарияланған болатын
Әнші Сиви Махмуди журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, бұрынғы күйеуіне қатысты біраз шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші бұрынғы күйеуімен осыдан төрт жыл бұрын ажырасып кеткенін, содан бері мүлдем араласпайтынын тілге тиек етті.
Ол бұрынғы күйеуінің үш отбасы болғанын ашып айтты.
«Ол маған дейін де бір рет үйленіп, ажырасқан. Мен оны басында білген жоқпын. Сырға салудан кейін оның туыстарының бірі әкеме болған жағдайды айтып қойған екен. Бұл ақпарат мен үшін де жаңалық болды. Оның алғашқы некесінен бір қызы бар. Ортақ таныстарымыздан оның менімен ажырасқаннан кейін де отбасы құрғанын естідім. Ажырасқан, екі баласы бар әйелмен шаңырақ көтеріпті. Оны балаларым сауда орталығынан көріп қалыпты», - деді әнші.
Сонымен қатар, Сиви Махмуди бұрынғы жарының ісіне қатысты өзінің есімі аталғанын қаламайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті әншінің бұрынғы жары Аңсар Қажымұқанұлына іздеу жариялағанын хабарлаған еді.