Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсаған. Облыстық прокуратура суицид туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.
Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», - делінген Жамбыл облыстық ПД хабарламасында.