Министрлік ресми түрде мәлімдеме жасады
Қазнетте КСРО дәуіріндегі құжат бейнеленген хабарлама тарап, мұндай құжаттары бар азаматтар көп бонус ала алады екен. Azattyq Rýhy агенттігі StopFake-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.
«Барлық әлеуметтік төлемдер ҚР Әлеуметтік кодексімен реттелген. Мұндай төлем түрі жоқ!
Азаматтарды тек сенімді дереккөзден тараған ақпаратқа ғана сенуге және алаяқтардың арандатуына берілмеуге шақырамыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жазаланады», – деп ескертеді ведомство өкілдері.