Заңсыз жұмсалған жүздеген млн теңге қайтарылды
Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстарын қабылданғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады.
«Прокурорлық ден қою шараларымен бұзушылықтар жойылды, бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық).
Қазіргі уақытта аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды», - делінген хабарламада.