Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшалар таратқандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың қолында QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған

Фото: istockphoto.com

Алматыда «50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы» деген мәтінде хабарландыруы бар парақтарды жабыстырып жүрген екі адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың қолында QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған. Ал QR-код арқылы есірткі сататын Telegram каналға сілтеме жасалады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілуде», - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.