Қосшыда бір апта бойы іздестірілген 16 жастағы қыз Семейден табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Дильназ Сәрсенова 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған

Фото: instagram/sinegor.kz

Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, Қосшы қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы Дильназ Сәрсенова Семей қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2008 жылы туған Дильназ Сәрсенова 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Қыз телефон қоңырауларына жауап бермеген. Алғашқыда әкесі қызын өзі іздеген, бірақ нәтиже шықпаған соң, 21 қазанда ата-анасы полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері қыздың бірнеше рет үйден кетіп, кейін қайта оралғанын анықтады. Сондай-ақ, оның мүгедектігі бар екені де белгілі болды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Дильназ Семей қаласынан табылып, оның денсаулығы жақсы екені расталды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қайда жүргенін қатаң бақылауда ұстауды ескертті.