Головкин U19 World Boxing әлем чемпионатының ашылуында қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 30 елден келген 180 спортшы қатысып жатыр

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткен U19 World Boxing алғашқы әлем чемпионатының ашылуында сөз сөйлеп, бұл жарыстың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бұл спорттық іс-шараның жаңа таланттарды ашу ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдердің жас боксшылары арасындағы достық пен бірліктің символына айналатынына сенім білдірді.

Әлем чемпионатына 30 елден келген 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан жарысқа Ерасыл Аманғалиев (55 кг), Асылхан Көшербай (65 кг), Диас Серікұлы (70 кг) және Даниял Райымбеков (85 кг) қатысады.