Темірауда алты адам бір жасөспірімді 3 мың теңге үшін соққыға жыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Жәбірленуші полицияға арыз түсірмеген

Фото: instagram.com/temirtau.times/

Темірау қаласында алты адам бір жігітті соққыға жыққан. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленуші полицияға арыз түсірмегенін хабарлады. Дегенмен, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап жатыр.