Алматы-Астана жолында бір жасар балаға шұғыл көмек көрсетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың шынтақ буыны шығып кеткен

Фото: ҚР ТЖМ

Алматыдан елордаға бара жатқан жолда бір жасар балаға шұғыл  медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас ана балаға жолда тамақ беруді ойлап, абайсыз әрекет салдарынан көлік ішінде баланың шынтақ буыны шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайын телефон арқылы анықтаған Құтқару медицинасы орталығының тәжірибелі қызметкерлері балаға көмекті жеделдету үшін анасына трасса бойындағы «Балқаш»  бекетіне қарай жүруді ұсынды. Сол уақытта шұғыл әрекет ету бригадасы олардың алдынан шықты.

«Жолда бригада балаға ауырсынуды басу шараларын қолданып, шынтағына таңғыш қойды, қорқып қалған анасын жұбатып, оларды Балқаш қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізді», — деп жазылған хабарламада.