Ол аумақта LRT металл конструкцияларды демонтаждау жұмыстары жүреді
Астанада ертең, 27 қазанда Мәңгілік Ел даңғылының Сығанақ көшесімен қиылысында жол толығымен жабылады. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 27 қазанда сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін LRT эстакадасында уақытша металл конструкцияларды демонтаждауға байланысты Мәңгілік Ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында жолды толығымен жабу жоспарланды. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.