Сапар 28-29 қазан күндеріне жоспарланған
28-29 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ол Моңғолияның президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Мемлекеттік Хуралының төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі», — делінген хабарламада.
Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.