Видео Instagram парақшада жарияланған
Әлеуметтік желілерде Талғарда уақытша ұстау изоляторынан қашқан, зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген адамның ұсталған сәтін дрон арқылы түсірген видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео kris_p_talgar атты Instagram парақшасында жарияланған. Видео сипаттамасында дронның Алматы облысы ТЖД-ға тиесілі екені айтылған.
Алматы облысы ТЖД қызметкері саяжай аймақтарын тексеру кезінде күдіктіні байқап қалып, дереу оның орналасқан жері туралы полицияның жедел тобына хабарлаған.