Баян Алагөзова белгілі режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол танымал жұлдыз болу жолында Теменовтың еңбегін бағаламай, қателікке жол бергенін айтты

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyz

Танымал продюсер Баян Алагөзова DIN DINA SHOW жобасына сұхбат беріп, өзінің өнер жолындағы кейбір оқиғаларымен бөлісті. Ол кезінде режиссер Талғат Теменовке айтқан сөздеріне өкінетінін жеткізіп, көпшіліктің алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сұхбат барысында Баян Алагөзова өзінің шығармашылық жолында жасаған қателіктерін түсінгенін жеткізді. Ол жұлдыз болу жолында Теменовтың еңбегін бағаламай, қателікке жол бергенін айтты.

«Мен неге топтағы қыздар танымалдыққа жеткен сәттерінде мені тастап кететінін, қандай қателік жасағанымды түсінбейтінмін. Кейін жауабын таптым: мен де бір кездері дәл осылай жасаған екенмін. Сол себепті Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол мені қарапайым Баяннан бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдыз еткен болатын», — деді продюсер.