7 млн теңге қарыз: Шымкентте 4 жылдан бері алимент төлемеген адам сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алимент төлемегені үшін бірнеше жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Еңбекші ауданында 4 жыл ішінде еш себепсіз 6 838 670 теңге алимент төлемеген адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Аудан прокуратурасымен 10.07.2024 жылы аталған факт бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осылайша прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді», - делінген прокуратура хабарламасында.