Астанада жол апаты екі есе өскен: жыл басынан бері 30-ға жуық адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл жол апатынан 1400-ге жуық адам жарақат алды

Фото: freepik.com

Астанада жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы екі есе өскені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болса, оның 3-еуі – кәмелетке толмаған.

«Бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы және т.б. бірқатар кемшіліктер анықталды.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу.

Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізген», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.