24.10.2024, 13:31
Жаңалықтар
Түркістан облысында мас ер адам өзгенің көлігін айдап, жол апатына ұшырады
Ол бөтен көлікке жылыну үшін кірген
Фото: Polisia.kz
Түркістан облысында өзгенің көлігін мас күйінде айдап, жол апатына ұшыраған ер адам ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға таңғы сағат 06:00 шамасында болды. Мас күйде болған ер адам пана іздеп жылынып алу үшін бөтеннің үйінің алдында тұрған Lexus автокөлігін байқап, есігін тартып көрген. Көлік кілттенбеген болып шықты. Осы сәтті пайдаланған ол көлікке кіріп, жылынып алып, шарап ішуін жалғастырған. Артынан көліктің кілтін тауып, айдап кеткен.
Салдарынан ол рөлді басқара алмай, Opel Vectra көлігіне соғылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты