ҰҚК: Қазақстанның жалған төлқұжатымен елге кірмек болған шетелдік ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 12 қазан күні болды

Фото: Azattyq Rýhy

Астанада халықаралық әуежайдан Қазақстанның жалған төлқұжатымен елге кірмек болған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 12 қазан күні болды. Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

«2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.