Бүгін еліміздің кей аймақтарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал

Автор: Azattyq Rýhy

Астанада түнде және таңертең тұман күтледі

Фото: depositphotos.com

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады. Елдің кейбір аймақтарында жауын-шашын күтіледі, сонымен қатар жел күшейіп, тұман түсетін аймақтар да болуы мүмкін. Қазгидрометтің мәліметі бойынша, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жаууы ықтимал, ал оңтүстік және батыс өңірлерде күн ашық болады, бірақ желдің екпіні күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 24 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 24 қазанда түнде және таңертең тұман.күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 24 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с. Орал қ.: 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 24 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 23 қазанда күннің екінші жартысында, 24 қазанда түнде және таңертең тұман сақталады. Түркістан қ.: 24 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 24 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

24-25 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 24-25 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.